Помогите пожалуйста.
Мәтіннен осы шақта тұрған етістікті тауып, жазыңдар. (Найти глаголы в настоящем времени)
Қазақтардың зергерлік бұйымдары — қазақтардың ұлттық зергерлік бұйымдары, яғни асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда қымбат тастармен безендіріп алынатын бұйымдар.
Тұмарша - ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға салатын болған.
Жүзік сақина әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған.
Шолпы шаш теңге. Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады.
Шашбау бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады
Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік деп атайды.
Answers & Comments
Ответ:
салып
әшекейлеп
өңдеп,
безендіріп
жазылып
соғып,
шекімелеп
жүргізіп
қондырып
салып