ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА! ОЧЕНЬ СРОЧНО СДЕЛАЙТЕ ПЕРЕВОД ТЕКСТА! ПЕРВОМУ ЗА ПРАВИЛЬНЫЙ ОТВЕТ ДАМ ЛУЧШИЙ ОТВЕТ!
Тіл табысу -өнер
Тіл - адамзат баласына ғана берілген ұлы қасиет, ерекше қабілет, табиғаттың ғажап сыйы. Әр адамның тілді орынды қолдана алуы оның өмірде жетістіктерге жетуінің негізі болып саналады. Өйткені тіл ғана адамның өзі өмір сүріп отырған ортада өзгелермен тіл табыса білуіне, бірігіп еңбек етуіне, өз орнын иемденуіне, өзгелерді тануына, өзін танытуға мүмкіндік береді.
Өзгелермен тіл табысу - үлкен өнер. Тілсіз адамның биік нәтижелерге жетуі, рухани дамуы мүмкін емес. Өйткені адам тек тіл арқылы басқалармен қарым-қатынас жасап, бірлесе өмір сүреді, биік армандаға қол жеткізеді. Тілдің көмегімен ғана дүние туралы білім алып, өз көзқарасын қалыптастырады, адамзаттың өмір тәжірибесін үйренеді. Тек тіл арқылы көңіл - күйін, ішкі сезімін білдіреді, өзіне өмірлік дос, жақсы жар табады.
Кез келген ортада өзін ұстай білетін, ақылды, мінезі жайлы,, сөзі түзу адамның беделі жоғары болады. Ол үшін адам барлық нәрсеге ойлана қарап, таныс, бейтаныс адамдармен мәдиниетті сөйлесе алуы, сөзді дұрыс қолдануы қажет.
Сонымен, тіл - адамдардың өзара пікір алысуының, ой бөлісуінің ғана құралы емес, тіл - қоғамдық мәні зор, ерекше құбылыс.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.