- Менің кешеден бері соңғы тісім ауырып, мазалап жүр.
- Кәне, аузыңызды ашыңызшы, тексеріп, қарайық... Сіздің қызыл иегіңіз ісіп, содан ауру тіске беріліпті. Оған укол салып емдеу керек. Бірақ алдымен аллергия бар-жоғын тексеріп алуымыз керек.
- Жақсы...
- Укол салдым. Екі сағатқа дейін ештеңе жеп-ішуге болмайды. 20 минуттан соң мақтаны алып тастайсыз. Дәріханадан мына дәрілерді сатып алып, күніне 2 реттен 5 күн тамақ алдында ішесіз. Сосын мына шөппен ауыз қуысын шайып, 5 күннен соң тексерілуге келесіз.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
"Тіс дәрігерінде" диалог.
- Сәлеметсіз бе, мен сағат 10.00ге тіс дәрігеріне жазылып едім.
- Сәлеметсіз бе! Қазір, қарайын... Иә, сіз 5 кабинетке өте берсеңіз болады...
- Сәлеметсіз бе, кіріңіз. Қандай шағымыңыз бар?
- Менің кешеден бері соңғы тісім ауырып, мазалап жүр.
- Кәне, аузыңызды ашыңызшы, тексеріп, қарайық... Сіздің қызыл иегіңіз ісіп, содан ауру тіске беріліпті. Оған укол салып емдеу керек. Бірақ алдымен аллергия бар-жоғын тексеріп алуымыз керек.
- Жақсы...
- Укол салдым. Екі сағатқа дейін ештеңе жеп-ішуге болмайды. 20 минуттан соң мақтаны алып тастайсыз. Дәріханадан мына дәрілерді сатып алып, күніне 2 реттен 5 күн тамақ алдында ішесіз. Сосын мына шөппен ауыз қуысын шайып, 5 күннен соң тексерілуге келесіз.
- Жақсы, рахмет!
- Ауырмаңыз.
- Сау болыңыз.
- Сау болыңыз.