Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.
Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін.
Ел басына күн туғанда ер етігімен су кешеді. Сондай ерлердің бірегейі-Кеңестер Одағының Батыры, генерал Сабыр Рақымовтың дүниеге келгеніне жақында 110 жыл толды.
Шымкентте Сабыр Рақымов атындағы мектеп-интернатта осы салтанатқа орай батырды еске алу кеші өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев штабта отырған көп генералдардың бірі емес, майданның алғы шебінде, желдің өтінде болған нағыз жауынгер генерал туралы мазмұнды әңгіме айтты. “Осындай ерлерімізді түгендеуге, ерлігін бүгінгі ұрпаққа баян етуде Тәуелсіздігіміздің орны бөлек. Елбасымыздың сындарлы саясаты өшкенімізді жандырды, ұмыта жаздағанымызды жаңғыртты, біз осыны ұмытпауымыз керек” деді.
Еңбек ардагері Ағабек Сүгірәлиев атақты ерлердің ұрпақ тәрбиесіндегі орнын әдіптеді.Сабыр Рақымов-қазақ генералы, кіндік қаны Оңтүстіктің Қазығұрт ауданы, Көкібел ауылында тамған.Әйтсе де, ел басына төнген зобалаң бала Сабырды шешесімен бірге Ташкенттегі нағашыларын сағалауға мәжбүр еткен еді. Ұлты жайлы сұрағанда жас жігіт “үлкендер бізді өзбек дейді” деп жауап қатуының өзі менің қаным басқа ғой деген ойды екіұшты аңғартқандай болады. Көрші бауырларымыз қанша иемденгісі келгенімен ата тегі қазақ батыры өз жұртын тапты. Өз ұлтымен қауышуына көп азаматтар үлес қосты.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
:)