одуванчик42
Бұрынғы заманнан бастап,сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасалып,ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесінің,мінез-бітімінің,тыныс-тіршілігінің айнасы,ол сол халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймайды,оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенін де сездірер белгісі. Кез-келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм. Ал басқа халықтың мақал-мәтелдерін бiлiп, түсiну – бұл сол халықты жақсы тануға көмектесiп қана қоймай, сонымен қатар олардың ой-бейнесiн және мiнез-құлқын түсiнуiне көп үлес қосады, дәнекер болады. Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы.
Answers & Comments
Мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесінің,мінез-бітімінің,тыныс-тіршілігінің айнасы,ол сол халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймайды,оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенін де сездірер белгісі. Кез-келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм. Ал басқа халықтың мақал-мәтелдерін бiлiп, түсiну – бұл сол халықты жақсы тануға көмектесiп қана қоймай, сонымен қатар олардың ой-бейнесiн және мiнез-құлқын түсiнуiне көп үлес қосады, дәнекер болады.
Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы.