Ерте замандағы жоғарыдағы далалық аймақ мәдениетінің қалыптасуында Қазақстан территориясы мен оның байырғы тұрғындарының алатын орны ерекше. Ұлы дала белдеуі сол кездің өзінде Шығыс Европа мен Солтүстік Азияны біріктіріп, сол төңіректегі мәдени ортаны қалыптастырды, әртүрлі этнотарихи тайпаларды бергіректегі қазақ этникалық қауымдастығымен байланыстырды. Осындай сабақтастық үдерісін осы тайпалардың тарихи-мәдени бірлігімен қатар, олардың антропологиялық тұрпатының тұтастығынан да байқауға болады. Қазақстанның антропология ғылымының негізін қалаған белгілі ғалым, Қазақстаннның ҰҒА академигі, Италияның Болон Академиясының корреспондент-мүшесі О. Ысмағұлов жарты ғасырлық кешенді зерттеу жұмысының нәтижесін жариялады. Онда Қазақстан территориясындағы тұрғындардың төрт мың, яғни 40 ғасырлық дәуір аралығындағы қоныстануы, көшіп-қонуы, олардың туыстық байланыстары мен генетикалық жақындығы, сол сияқты кейбір тайпалар мен халықтардың қола ғасыр мен осы күнге дейінгі ұзақ дәуірлік кезеңнің мұрагерлік дәстүрін сақтағандығын объективті және ешбір шүбә келтірмейтін антропологиялық зерттеу деректері негізінде дәлелдеп берді.
Қазақстанның көне тас дәуірінде табылған ежелгі адамдардың өмірі мен қызметінің алғашқы іздерінің осы заманға дейінгі үздіксіздігі ғылыми факт ретінде дәлелденді . Теориялық этнология және мәдени антропология саласындағы көрнекті ғалым, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі С.Арутюнов Оразақ Ысмағұловтың жетістігін жоғары бағалай келе, осы зерттеулер ғылымда бірінші рет Қазақстан тұрғындарының этноантропологиялық даму процесі қола ғасыр тайпаларынан бастау алатынын және олардың физикалық көрсеткіштері морфологиялық мұра ретінде қазіргі қазақтардың антропологиялық құрамында шамамен 30% деңгейінде сақталғандығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді дегенді айтады. Демек, ол содан бері төрт мың жыл өтсе де ежелгі арғы аталарымыздың физикалық қасиеттерінің 3/1 бөлігінің сақталып қалғандығының нақты айғағы [1. 6-7]. Антрополог-ғалымдардың пайымдауларынша, популяциялық араласу үдерісі Қазақстан аумағынан тыс жерде емес, дәл осы Қазақстан территориясында өткен. Сондықтан жергілікті тұрғындар үшін европеоидтық компонент бастапқы да, ал монголоидтық – кейін сырттан енгізілген болып саналады. Өйткені қола дәуірінің европеоидтық қабатының жергілікті тамыры бар еді және ол биоәлеуметтік, этномәдени тұрғыда жеткілікті түрде шоғырланған болатын. Олай болса, сол процестің қазіргі заманғы қазақ халқының антропологиялық құрамының тарихи қалыптасуында шешуші рөл атқарғандығын көруге болады. Ол үдеріс біздің заманымызға дейінгі V ғасырдан басталып, біздің заманның XIV ғасырында қазіргі қазақтарға тән нәсілдік түрі толық қалыптасты [1. 86, 108, 111, 134]. Олай болса, бұл жерде қазақтардың өздеріне дейінгі тайпалармен тек қана тарихи-мәдени бірлігі ғана емес, сонымен бірге тікелей генетикалық байланысы туралы айтуға болады. Антропологиялық зерттеу нәтижелері Қазақстан аймағындағы этномәдени дамудың динамикасының заңдылықтарын айқындауға, мәдениеттің сабақтастығын ашуға мүмкіндік береді. Осы тұста қазақ халқының этногенезінде оған ең жақын тұрған ежелгі түркі тайпалары екендігін атап өткен жөн. Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар мен этностар евразиялық кеңістіктегі тарихи-мәдени процестердің белортасында болды. Кейін бұлар қазақ халқының құрамына енді
Answers & Comments
Ответ: