ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА, СРОЧНО НУЖНО ПОЖАЛУЙСТА
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы
орындаңыз.
Ол жылы мен алты жастамын. Өмір бойы
жалшылықта жүрген әкем Мұқан ауыр
сырқаттан еңбекке жарамай, ұзатқан қызы
Зәуренің аулына көшіп келді.
Сол жылы кездескен адамдарымның ішінде,
менің сәбилік есімде тоқалдыққа берілген апам
да, ортадан жоғары дәулеті бар, апамнан екі есе
үлкен жездем де, басқалары да сақталмаған, тек
қана сақталған жалғыз адам – саятшы Ораз.
Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі,
мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел
жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ
сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды,
ойнақылау келген дөңгелек қара көзді,
желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы,
әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы
киімдерін шалбарланып алатын, кең
шалбарының балағын ішіне сала қонышын
тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе
буынатын, кісесінің төңірегінде: мылтықтың
оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын
салатын салпыншақтары көп, кішігірім
тебiнгiдей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде
қынды ұзын кездiгi салбырап жүретін,
арқасынан асынған Шиті мылтығы түспейтін
адам...
Менің есімде бұл кісі сонша айқын сақталмас па
еді, қайтер еді, егер сол қыста біздің үйдің күн
көруіне оның көп жәрдемі тимесе...
1. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап
бер
Мәтінге тақырып қой.
Есте қалған бейне
Саятшылықтың қызығы
Оралмас балалық шақ.
Answers & Comments
Ответ:
Оралмас балалық шақ
Ответ