помогите пожалуйста срочно
1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Мындаған
Наурыз және әлем халықтарының оны карсы алу ерекшеліктері
Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі болып саналады. Бұл мереке
Орта Азия
халықтарында
жылдар
бойы тойланып келеді.
Ал 2010 Асылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясының 64-карарына сәйкес 21 наурыз «Халыкаралық Наурыз күні» болып
белгіленді. Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі
ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймагында, Кавказда, Орта
Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлайтындығын»
мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мерекесін мәдени
мұра тізіміне кіргізді.
«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.
Парсының «нау» сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшыраса да, мағынасы көп халықтың тілінде
сакталган. Шығыс жыл санағы бойынша, бұл мереке ирандықтардың жаңа жылы
Наврузга жақын. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл
мерекені «Бәйшешек» не «Гүлнавруз», татарлар «Нардуган», бирмалық-
тар «Су мерекесі», хорезмдіктер «Наусарджи», буряттар «Сагаан сара», армяндар
«Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп атаған. Қазақтардың Наурызды тойлау тарихын
ұлы ақын Абай өзінің «Біраз сөз казактын кайдан шыкканы туралы» жазбасында көшпелі
халықтардың тарихымен ұштастырады. Бұл Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем
таныған тарихи тұлғалардың еңбектерінде де кездеседі. Шығыс халықтарының Наурыз
мерекесін калай тойлағаны туралы деректер көп. Парсы тілдес халықтар Наурызды
бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар
жасагане әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған. Жаңа өнген жеті дәнге карап
болашақты боласаған. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық коже «сумалык» ұсынған. Көне
киімдерін тастаған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою - «күн
символын» салған. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл күні кәрі-жас
куанады. Адамдар бір-біріне жақсы тілектерді айтады, татуласады.
Наурыздың дәстүрлі тағамы «Наурыз көже» туралы деректер өте көп. Ол жеті түрлі
азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның
мағынасы терең. Өзбекстанда «Сумалак» — наурыз көжеге ұксас дәстүрлі тағам.
Қазакстанда Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, халық болып
тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты. Ал 1991 жылы 15 наурызда Қазақстан Президенті
Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. 2009 жылдың 24 сәуірінде
Елбасы наурыз айының 21, 22, 23 күндерін «Наурыз мерекесі» деп жариялады.
Наурыз көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мерекесі. Сан ғасырлык
парасат пен еңбектің нәтижесінде қалыптаскан
Наурыз мерекесі халықтың жаркын
болашағының кепілі болып қала береді.
(346 сөз)
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Ежелгі-
Мерекелейді -
Елдер-
Малімет-
Сайыс-
Answers & Comments
Ответ: