Ілияс Жүгінісов (5 мамыр 1894 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы-1938 жыл) ақын, қоғам қайраткері, драматург. " Күй", "Күйші", "Құлагер", "Балдырған", "Қызыл жалау", "Сарыарқа", "Тілек", "Мерген Бөкен". "Күйші"- бұл поэмада еркіндік пен құлдық , махаббат пен зұлымдық , өлім мен өмір , пәни тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі. Поэма салған жерден буырқанған теңіз толқынындай өз құшағына тартып ала жөнеледі. Өлең нөсері сорғалап тұр. Туындыда Арқа төсінен бастап , Алатауға беттеген Кене ханның ордасы көрініс табады. Қазақтың арыстаны атанған Абылайдың ұрпағын сыйлаған қалың жұрт келуін улап - шулап қарсы алып , той қылып , ерулікке бие сойып , ат сыйлап жатқан көріністер шынайы бейнеленеді. Сонымен қатар ханның ордасына Сарыүйсін руынан шыққан «күйші жігіттің» тоқсан тоғыз зарлы , ащы , тәтті күйлерімен бай мен бек , би мен датқа , хан ордасына қуаныш пен шаттық , рақат пен ләззат силап отырғаны , осындай естіген жанды тылсымдай баурайтын киелі өнер иесі Күйшіге хан Кененің қарындасы Қарашаштың көзі түсуі , Қарашаш пен күйші арасындағы терең психологиялық тартысы , адам сезімдерінің алапат шарпысуы сипатталады. Кейіпкерлер: Кене хан, күйші жігіт, Қарашаш, Сапақ.
Answers & Comments
Verified answer
Ілияс Жүгінісов (5 мамыр 1894 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы-1938 жыл) ақын, қоғам қайраткері, драматург." Күй", "Күйші", "Құлагер", "Балдырған", "Қызыл жалау", "Сарыарқа", "Тілек", "Мерген Бөкен".
"Күйші"- бұл поэмада еркіндік пен құлдық , махаббат пен зұлымдық , өлім мен өмір , пәни тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі. Поэма салған жерден буырқанған теңіз толқынындай өз құшағына тартып ала жөнеледі. Өлең нөсері сорғалап тұр. Туындыда Арқа төсінен бастап , Алатауға беттеген Кене ханның ордасы көрініс табады. Қазақтың арыстаны атанған Абылайдың ұрпағын сыйлаған қалың жұрт келуін улап - шулап қарсы алып , той қылып , ерулікке бие сойып , ат сыйлап жатқан көріністер шынайы бейнеленеді. Сонымен қатар ханның ордасына Сарыүйсін руынан шыққан «күйші жігіттің» тоқсан тоғыз зарлы , ащы , тәтті күйлерімен бай мен бек , би мен датқа , хан ордасына қуаныш пен шаттық , рақат пен ләззат силап отырғаны , осындай естіген жанды тылсымдай баурайтын киелі өнер иесі Күйшіге хан Кененің қарындасы Қарашаштың көзі түсуі , Қарашаш пен күйші арасындағы терең психологиялық тартысы , адам сезімдерінің алапат шарпысуы сипатталады.
Кейіпкерлер: Кене хан, күйші жігіт, Қарашаш, Сапақ.