November 2021 1 18 Report
Помогите пожалуйста
Текст
Қазақстанда екі опера және балет театры бар. Біріншісі – Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры. Бұл театр 1934 жылы 13 қаңтарда ашылып, өз репертуарын М. Әуезовтің либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен бастады. 1945 жылы театрға Абай есімі беріліп, «Амангелді» қойылымы көрсетілді. Театрдың алғашқы құрамында театрдың қабілетті, дарынды әртістері – Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және басқалар болды. Кейін олардың көбі «Қазақстан опера өнерінің қайраткері» атанды. 1944 жылдан бері театр шымылдығын жыл сайын А. Жұбанов пен Л. Хамиди бірігіп жазған «Абай» операсымен ашады. «Абай» операсы атақты опера сахналарында қойылды. Екіншісі – «Астана опера»Мемлекеттік опера және балет театры. «Астана опера» театры «Біржан-Сара» операсымен ашылды. Ондағы басты рөлдерді Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның халық әртісі, тенор Ахмед Агади мен Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева ойнады. «Астана операсының» жалпы аумағы – 61163 шаршы метр. Ол 4 блоктан тұрады. Жобаның авторы сәулетші Ренато Аркетти грек-рим мен қазақтың ұлттық сәулет дәстүрін жақсы үйлестірген. Ғимараттың сыртқы қасбеті «Сицилия інжуі» мәрмәрімен қапталған. Театрдың бас кіре берісі маңдайшасына қола квадрига – төрт пар ат жеккен қос доңғалақты арбаның үстінде қолына лира ұстаған сақ патшайымы –Томиристің мүсіні қойылған.
Задание
Пікір. Оқыған мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
Пожалуйста
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.