помогите пожалуйста
Мәтіннен одағай сөзді тап. Бірнеше одағай сөзді пайдаланып, сөйлем құра.
мәтін:
Адамның әрбір күні , әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі қажет . Адам уақытын , бойындағы қайрат - жігерін , ақыл - ойын өмірге , өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап , қалтқысыз еңбек етуге , сөйтіп , өзі үшін де , өзгелер үшін де , игілік жасауға жұмсауы тиіс . Уақыт бізбен санаспайды , тез өтіп кетеді . Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана өткізбей , өмірді мәнді , мағыналы өткізуге тырысу керек . Қазіргі шақ адамның өмірінің қайратты да мүмкіндігі мол тамаша шағы . Ендеше , жастықтың бір күні сенің бүкіл , өміріңе азық болады . « Уақыт бар ғой ! » деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма ! Өмірдің ұзақ екені рас , бірақ ол біреу ғана . Уақыт зымырап өтіп жатыр . Ол ешқашан тоқтамайды Расында да , біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз . Көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана аһ ұрамыз . Демек , уақыт адам баласына берілген өткінші бағалы зат . Уақыт қайта айналып келмейді . Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан , алтынға балайды . Алтының әзірше өзіңде . Оған басқалар көз салмасын десең дұрыстап сақта . Әрбір жыл , ай , апта , бір күн , бір сағат , бір минут , бір секунттың өзіндік құны бар . Осыны түсіне біл !
Answers & Comments
Ответ:
Аһ
Мысал: бәрекелді,қандай жүйрік!Қап, қарашы, қазір кетіп қалатын болды ғой.