помогите с казахским плиз .я не поняла
.
.
.
.
.
.
Жақсы мен жаман перевод текста
Адам атызға бір топ гүл әкеліп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен-күнге тамыр жайып, гүлдеп өсе берді. Гүл бәрін де сүйетін: мөп-мөлдір суды да, тап-таза ауаны да, күннің нұрын да. Айналаға еркелей, құмарлана қараудан әсте жалықпаушы еді. Ол осынау тірлік иесі болғанына, өзін отырғызған адамға да риза еді. Бір күні:- Әй, сен, көп асқақтама! Мен тірі тұрсам, әлі өмірге келгенің өкінетін боласың, – деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз шөп басын қылтитып тұр екен. Гүлдің көңілі ортайып, бір түрлі жабырқап қалды. Ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті. Бірте-бірте солып, сарғайып бара жатты. Амалсыз жанындағы өзінен біршама үлкендігі бар гүлге басын сүйеді.- Жабырқама! Сабыр ет! – деп жұбатты ол. - Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Өз құлқынынан басқаны ойламайтын жауыз шөп. Әлі-ақ құтыламыз. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Гүлдің көңілі біраз көтеріліп қалды. Әлгі гүлдің айтқаны рас боп шықты. Ертесіне адам келді де, арам шөпті жұлып тастады. Гүл қайтадан құлпырып өсе бастады. Алайда көп нәрсені ұққандай болды. Өмірде жақсылар да, жамандар да бар екен.
Answers & Comments