помогите с казахским СОР .20 баллов
1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, не туралы айтылатынын анықтаңыз. Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады. Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала. Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған. Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
2-тапсырма Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы туралы өз пікіріңізді айтыңыз, өзгелердің пікірін тыңдаңыз, салыстырыңыз. «ПОПС» формуласын пайдаланыңыз. «ПОПС» формуласы: • Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »
Answers & Comments
Ответ:
Жібек жолы бұл Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты.
Ал ең бастысы Жібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шытаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Еуропа мен Русьтен осы елдерде өңдірілетін тауарлар тасылды. Бұл тажайып, таңсық тауарлардың тізімі таусылмайды. Бұлар — мирро мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, өміртамыр (женьшень) мен айдаһардың (питон) еті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар және басқа да көптеген заттар. Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақтары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршыталар мен сұнқарлар, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрілді. Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті татамдар мен қант, жемістер мен көкеністер Жібек жолы арқылы тарады.