Наурыз- шығыс халықтарының мейрамы. Ол күн мен түн теңесетін 22 наурызға сәйкес келеді. Ұлыстың ұлы күні аталатын осы сәт жыл басы саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ер адамдар бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады, әйелдер бір-бірімен құшақтасып, игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап жеті түрлі дәмнен пісірген наурыз көжеге шақырады. Әдетте осы күні адамдар өкпе-реніштерін кешіріп, татуласады, өкпенділіктен арылып, ынтымақтасуға ұмтылады. Жастар алтыбақан басында ән шырқап, күй тартады. Дәстүрлі көкпар , аударыспақ, қыз қуу, күрес сияқты ұлттық ойындар ойналады. Таң ата жұртшылық биік төбенің басында шыққан күнді қарсы алады. Жарықтың қараңғыдан, жылудың суықтан, жұмсақтың қаттыдан басым түскен осы жасампаздықтың мерекесінде ауыл тұрғындары бұлақ көздері мен арық - тоғандарды тазалап, аула ішіне , көше бойында тал егуді парыз санайды.
Наурыз мерекесі күні кәрі- жас, ер-әйел , бала-шаға үй-үйді қыдырып жүріп « наурызкөже » ішіп, бір-бірімен кездескенде , «Жасыңыз құтты болсын! Өмір-жасың ұзақ болсын! Ұрпақтар өмірлі болсын! Ұлыс береке берсін, пәле-жала жерге енсін» деген сияқты игі тілектер айтады. Наурызнама өткілізгенде осы күнге арнап, наурызкөжеге шақырғандарға , тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға тағы да басқа өнерпаздарға,жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер , ел ағалары бата береді. Мысалы, « Өркенің өссін! Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын! Ұлың ойға, қызың қырға қонсын! Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол! » деген бата жалпы жұртшылыққа, көпшілікке , бүкіл қауымға ауылға да беріледі.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Наурыз- бірлік пен татулықтың мерекесі

Объяснение:
вот