помогите с казахским,пожалуйста!!!!!
Ата-баба тәрбиесі
Негізгі бөлім мен қорытындыда айтылатын ақпаратты көрсет.
Ата-баба тәрбиесі
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-баба тәрбиесі ерекше. Қазақ отбасында балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабаларын, үлкен аталарын, жеті атасын айтып отырады. Бұл баланы өскенде өз туыстарын жақсы білуге, сыйлауға үйретеді. Өзін, әкесін, атасын, бабасын және одан арғы ата-бабасының есімдерін білу – жеті атаны, яғни өзің, әкең, атаң, арғы атаң, бабаң, тек ата, түп атаның есімін білу. Ал әкеден төмен қарай туғандар ұрпақ деп саналады: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Жеті атаны үйрету – әр ата-ананың басты борышы. Әкесі, атасы, балаға тек жеті атасына дейінгі аралықтағы аталарының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі үшін жасаған ерліктерін, өнегелі істерін де айтып отырған. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көзделген.
Қазақ отбасында ата-әжені байлықтың, берекенің, әке-шешені қорғанның орнында көріп, ерекше құрметтеген. Ұл-қыздары күз келіп, ата-аналары қартайғанда өз қамқорлықтарына алған. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін ақ шашты анасы мен ақ сақалды әкесін бағуға міндетті болған. «Ұл-қызымның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін!» – деп тілек тілейтін ата-ананың рұқсатынсыз бала тынығатын бөлменің есігін желге де ашқызбаған, баласының құрбы-құрдастарына да ата-аналық мейірімін төккен. Күннің өзі келіп сәлем беріп, ай сырласатын болған.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі, асыраушысы. Ананың орны да ерекше. Ұлдар үлгіні әкеден алса, қыздар өнегені анадан алады. «Анасын көріп, қызын ал» деген сөз содан қалған. Әке де, балалар да ананы сыйлайды, құрметтейді. «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» деп, ананы құрмет тұтуға баулып, бүкіл әлемді бас игізген.
Әке мен шеше ақылдасып, балалары ғашық болған кездерінде ақыл-кеңестерін беріп, қолдап отырған. Ал үйленген ұлдарына енші беріп, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау жасап, батасын беріп ұзатады. Осындай отбасылық тәрбиенің өзі баласының көргенді, ибалы болып өсуіне ықпал жасайтынын ата-бабаларымыз біліп, «5 жасқа дейін патшаңдай сыйла, 13 жасқа дейін құлыңдай жұмса, 14 жастан бастап, досыңдай сырлас» деп, ұрпақ тәрбиесін жолға салып кеткен. Ұрпағына табиғатпен санасуды, бірге жұмыс істеп, оны керек кезінде киіндіріп, сылап-сипап, анасындай күтіп, жағдайын жасап тұруды тапсырған.
бала тәрбиесіндегі ата-бабалар ұстанымы
ата мен әженің байлық пен берекенің бастауы екендігі
ата-әже, әке-шеше тәрбиесінің бала өміріндегі орны, бала
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.