Помогите с переводом!
1888 жылдың ақпанында орыс ғалымы Столетов жарық көзінің тоққа әсерін айқындайтын тәжірибе жасап, бұл құбылысты сипаттайтын бірнеше заңдылықтарды ашады. Қазіргі фотоэлеметтердің түп бейнесі болып табылатын құрылғыларды құрастырып, «электр көзі» деп аталатын құрылғыны ойлап табады. Кейін келе осыған ұқсас жұмыстармен Ф. Ленард, Дж. Томпсон, О. Ричардсон, П. Лукирский, С. Прилежаев деген ғалымдар айналысқан. Бірақ фотоэффект құбылысын толықтай тек Альберт Энштейн түсіндіре алды.
Теледидардың дамуы мен құрастыруына зор үлес қосқан басқа да тәжірибелердің ашылуы кең етек алған. Мысалы, 1879 жылы ағылшын физигі Уильям Крукстың ойлап тапқан құрылғысының (люминофор) жұмыс істеу принципі қызық еді. Құрылғыға катод сәулесін түсіргенде, ол жарқырап тұратын. Кейін келе люминофордың жарықтандыруы, оған түсірілген сәулелену күшіне тура пропорционал екендігі анықталды. 1887 жылы алғашқы катод-сәуле түтікшені неміс физигі Карл Браун құрастырып, ғалымдардың оң бағасын алған еді.
1907 жылы Борис Розин Карл Браун шығарған катод-сәуле түтікшенің көмегімен бейне алудың теоретикалық мүмкіндігін айқындайды деген пікірге келеді. Розин бұны іс жүзінде де жүзеге асырады. Бейне ретінде қозғалмайтын бір нүкте алғанына қарамастан, бұл теледидардың дамуына әсер еткен батыл қадам еді
Только не с переводчика, там перевод неправильный

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.