ПОМОГИТЕ С ПЕРЕВОДОМ. С КАЗАХСКОГО НА РУССКИЙ.

9-сыныптан соң кәсіптік лицейлер мен колледждерде білім алуға болады. Қазақстанда 894
кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары бар. Бұл колледждер еңбек нарығында
сұранысқа ие мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім береді. Жыл сайын кәсіптік
және техникалық мамандықтарға кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс өсіп отыр. Мемлекет
жастардың кәсіптік және техникалық мамандықтар алуына ерекше көңіл аударып отыр. Жалпы
мамандар тапшылығы 287 мың адамды құрайды. Соның ішінде техникалық және кәсіптік білім
мамандықтарына қажеттілік 58,2 мың адамды құрайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы бекітілген.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 24 алдыңғы қатарлы оқу орындары
Ұлыбританияның әлемге белгілі колледждерімен, соның ішінде 14 колледж Кембридж аймақтық
колледжімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Астанада барлық ЖОО-ң, колледждер мен лицейлердің жұмысына талдау жүргізілді. Оның
негізінде еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандықтардың рейтінгісі жасалды. Нәтижесінде
байланыс, энергиямен қамтамасыз ету, құрылыс және қызмет көрсету салаларындағы мамандықтар
үлкен сұранысқа ие болып отырғаны анықталды.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.