September 2021 1 13 Report
Помогите с тестом, пожалуйста.
1- нұсқа.
1. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
А) Ұлы жібек жолы- сауда жолы. В) Ұлы жібек жолы өтті. С)Қытайдың жібегі осы жолмен тасмалданған. Д) Ұлы жібек жолы қазақтың кең даласын басып өтті. Е) Ұлы жібек жолында талай сауда көздері ашылды.
2. Бастауышы тұйық етістік, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Тез жазу керек. В) Оның ойы – тез қайту. С) Еске салу – жақсы. Д) Айту — біздің парызымыз. Е) Келуді қойды.
3. Дара бастауыш бар сөйлемді белгілеңіз.
А) Еңбек еткен ер атанар. В) Ертең құрылыс жұмысы басталады. С) Біз бірлікті ойлаймыз.
Д) Үй іші жым-жырт болды. Е) Қазақ халқы егемендік алды.
4. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Келе жатқан үшеу екен. В) Інім маған көмектесті. С) Нұрлан мектепте оқиды.
Д) Біз Қазақстанда тұрамыз. Е) Ертең жаңбыр жауады.
5. Анықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Досым кітап сатып алды. В) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста. С) Көлдің деңгейі төмендеген. Д) Көлдер ластанып жатыр. Е) Ол бізбен кездесті.
6. Толықтауышты табыңыз. Досым қызық кітап сатып алды.
А) Қызық. В) Сатып. С) Досым. Д) Алды. Е) Кітап.
7. Жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
А) Баяндауыш В) Пысықтауыш С) Анықтауыш Д) Толықтауыш Е) Бастауыш
8. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді белгілеңіз.
А) Күрделі В) Жақсыз С) Атаулы Д) Жалаң Е) Жайылма
9. Мақсат пысықтауышты табыңыз.
Бауыржан досымен бірге Алматыға оқуға барды.
А) Барды В) Оқуға С) Алматыға Д) Досымен Е) Бауыржан
10.Сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз
А) Пысықтауыш. В) Толықтауыш. С) Баяндауыш. Д) Анықтауыш. Е) Бастауыш.
11. Кімдер? Нелер? сұрақтары қай сөйлем мүшесіне қойылатынын көрсетіңіз.
А) Толықтауыш. В) Пысықтауыш. С) Анықтауыш. Д) Бастауыш. Е) Баяндауыш.
12. Пысықтауыштың сұрағың табыңыз.
А) Не істеді? В) Қай? С) Қандай? Д) Кімдер? Е) Қайда?
13. Сөйлемнің баяндауышын толықтырыңыз.
Біз бұлақтардың көзін … .
А) Мол болады. В) Болмайды. С) Қараған. Д) Аштық. Е) Қорғауы тиіс.
14. Себеп – салдар пысықтауышты табыңыз.
Қара алтынды игеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр.
А) Жұмыс. В) Көп. С) Игеру үшін. Д) Жасалып жатыр. Е) Қара алтынды.
15. Сөйлемде есімше қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.
Менің айтар сөзім-осы.
А) Толықтауыш. В) Баяндауыш. С) Бастауыш. Д) Анықтауыш. Е) Пысықтауыш.
16. Атау мен ілік септіктен басқа септік сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
А) Баяндауыш В) Пысықтауыш С) Толықтауыш Д) Анықтауыш Е) Бастауыш
17. Анықтауышты табыңыз.
Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.
А) Таза В) Жер бетінде С) Су Д) Ресурстары Е) Көп емес
18. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді.
А) Есімдік. В) Етістік. С) Сын есім. Д) Сан есім. Е) Зат есім.
19. Бастауышы жоқ жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.
А) Жақсыз В) Жақты С) Жалаң Д) Толымсыз Е) Толымды
20. Тек тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз.
А) Толықтауыш, бастауыш. В) Анықтауыш, толықтауыш. С) Баяндауыш, анықтауыш.
Д) Бастауыш, баяндауыш. Е) Пысықтауыш, баяндауыш.
21. Толықтауыш қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Ол бізбен кездесті.
А) Барыс септік. В) Шығыс септік. С) Ілік септік. Д) Табыс септік. Е) Көмектес септік.
22. Қазақ тілінде сөйлемнің соңында келетін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
А) Анықтауыш. В) Пысықтауыш. С) Бастауыш. Д) Толықтауыш. Е) Баяндауыш.
23. Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді көрсетіңіз.
Біз кеше мұражайға бардық.
А) Біз мұражайға. В) Біз бардық. С) Мұражайға бардық. Д) Мұражайға кеше. Е) Кеше бардық.
24. Қайда? Қалай? Қашан? қай сөйлем мүшесінің сұрақтары екенін көрсетіңіз.
А) Баяндауыш. В) Пысықтауыш. С) Анықтауыш. Д) Толықтауыш. Е) Бастауыш.
25. Пысықтауыштың түрін табыңыз.
А) Қатыстық . В) Жанама. С) Салыстырмалы. Д) Тура. Е) Мақсат.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.