ПОМОГИТЕ СОЧ ПО КАЗ ЯЗ ПОЖАЛУЙСТО
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
... Ақиық ұстазы − Әбу Насыр туралы ойлады. Әбу Насырдың «Ізгі қала
халқының көзқарастары туралы кітап» деген ғажайып шығармасын еске алды. Ол
шығарманы үш рет оқып шыққан. Кітапта ұлы ғұлама қоғам туралы айтқан. Ұстазы
қоғамды «толық» әм «толымсыз» деп екіге бөледі. Толық қоғамның өзі үш түрлі:
үлкен, орташа және кіші. Үлкен қоғам − бүкіл жержүзіндегі ақылды адамзат; орташа
қоғам — белгілі бір ел, мемлекет; кіші қоғамға жеке-дара қала халқын жатқызған.
Енді осы қалалардың өзін «ізгі» және «надан» деп екіге бөледі: «Адамдары бақытты
болу үшін біріне бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болады,
халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отыратын қоғам да ізгі қоғам болады»,
— дейді.
...Надан қалаларды Әбу Насыр сегіз түрге бөледі. Бұл қалалардың халқы
өзімшіл, менмен, мақтаншақ келеді. Олардың ұғымынша, өмірдің ең асыл ләззаты
байлықта, билікте.
Әбу Насыр ізгі қаланы қатты аңсаған. Оның ойынша, ізгі қала тұрғындарының
дені бақытты, білімді, өнерлі, зергер, еңбексүйгіш, меймандос, шыншыл болады.
Өсек, өтірік, ұрлық, бұзақылық жойылған. Жұрт та бір-біріне үнемі ізгі ниетпен
көмектеседі, қуанышын қоса көтереді.
Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.
1. Шығарманың жанрын анықтаңыз.
А) ертегі
B) роман
С) повесть
D) әңгіме [1]
2. Шығарма үзіндісінің негізгі идеясы қандай?
А) қалалар туралы түсінік беру
В) ұлы ғұламаның ойын дәріптеу
С) мәдени құндылықтарды дәріптеу
D) тарихи мұраны сақтау [1]
3. Мәтін мазмұны бойынша ізгі қала тұрғындарының қандай болатынын атап
жазыңыз.
___________________________________________ [1]
4. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша бір сөйлеммен жауап беріңіз.
А) Әбу Насыр қандай қаланы армандаған?

_______________________________________________[1]
В) Қандай қоғам ізгі қоғам бола алады?
______________________________________________ [1]
ЖАЗЫЛЫМ [10]
Суреттегі Қыз бен Жігіттке сипаттама жазыңыз (Мінезі, сырт келбеті, жақсы
қасиеттері, түрі). Күрделі сөздерді және етістіктің шақтарын қолданыңыз.
Тірек сөздер:
Қыз сипаты: Оймақ ауыз, қиғаш қас, ақша бет, аққудай, жұлдыздай
жарқырайды, күлім көз, айдай сұлу, гүлдей жайнайды, гүлдей нәзік
Жігіт сипаты: Ер тұлғалы, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты,
сұңғақ бойлы, ат жақты, болаттай мықты, өткір көзді, бұйра толқындай шашы, ер
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.