помогите составить пять или шесть предложений на казахском языке про канбак шал
Answers & Comments
tulentaeva00
Бар екен де, жоқ екен,Ертек-ертек, ерте екен.Ешкілері бөрте екен,Қырғауылы қызыл екен,Құйрық жүні ұзын екен.Бұрын, бұрын, бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық ұстап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан оған Қаңбақ шал деп ат қойылған екен.Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі, әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдай алмай, шал бір күні екінші жерге көшем деп, дүние-мүлкін арқалап, жолға шығыпты. Шаршаған соң, оны бір жерге көміп кетіпті; бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек-қарнын көміп кетіпті; бір жерге қарындағы айранын көміп кетіпті. Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне-бірін шақпақ қылып, ұрып тұр екен.Дәу:– Қайда бара жатқан шалсың? Кел, екеуіміз күш сынасайық!– деп, қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де, қайта қағып алып:– Ал, шал, сен де осылай қақпақыл етші!– дейді.Шал сасқалақтап, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.Сонда дәу:– Е, неғып тұрсың? Лақтыр!– дейді.Шал тұрып:– Аспанға лақтырсам, «аспан айналып жерге түседі-ау!» деп, жерге қақпай түсірсем, «жер ортасынан ойылып түсе ме?» деп, қауіп қылып тұрмын!– дейді.Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:– Ақсақал, лақтырмай-ақ қой, текке қырылармыз!– деп жалынып қойғызады.Дәудің ақылы таяздығын біліп, шал ерленіп, оған:– Кел, жердің ішек-қарнын шығарайық!– дейді.Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қан-жыны арылмаған ішек-қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек-қарын шыға келеді. Дәу жаман қорқады.Сосын шал:– Кел, енді жердің миын шығарайық,– дейді.Дәу пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. «Мына шал не деген орасан күшті»,– деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры, шал одан қалай құтыларын білмей:– Енді кайт! Ертең бізге қонаққа кел,– дейді.Дәу:– Жарайды,– деп кетіп қалады.Шал үйіне келіп, кемпіріне:– Ертең дәу қонаққа келеді,– дегенде:– Ойбай, немізді береміз?–деп сасады кемпір.Шал тұрып:– Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше: «Не істеймін, шал?»– деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып, тұра ұмтыл!– деп, кемпіріне үйретіп қояды.Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір отырып:– Шал, нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ! – депті.Сонда шал тұрып:– Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе, досым дәудің өзін ас!– дегенде, кемпір пышағын алып, тұра ұмтылады.Үш дәу тым-тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп, алып кетеді. Шал айқайлап:– Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да, құтылмайсың!– дейді.Дәу лашықты тастай сала, қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.– Тақсыр, қайдан қашып келесің?– дейді түлкі.– Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз,– дейді дәулер.Түлкі:– Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме? Менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін,– деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:– Ей, түлкі-ау? Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар еді, үш дәуді соның үшін бергелі келе жатырсың ғой! Бәрібір онымен бітпеймін!– деп дауыстайды.Сонда дәу қорқып: «Бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой!»– деп ойлап, түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.
Answers & Comments