"Ғаламторды дұрыс пайдалану- мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті" деген пікірмен толықтай келісемін. Себебі, ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз, атап айтқанда ғаламторсыз елестету қиын. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Дегенмен, ғаламторды дұрыс пайдалана білеміз бе, бар мәселе осында. Дұрыс пайдалану дегеніміз - ең алдымен ғаламторға тәуелді болмай, яғни бар бос уақытыңды сарп етпеу керек деп ойлаймын. Одан кейін түрлі сілтемелердің барлығын баса бермей, абай болу керек. Қазірде жастардың ғаламторға тәуелділігі өсіп келеді. Әрине, бұл адам денсаулығына зиян. Ал бұл тәуелділікті жоғалту үшін, менің ойымша, өз сүйікті ісіңмен айналысып, достарыңмен серуендеп, кітап оқып, уақытты босқа кетірмеу тиіс.
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Answers & Comments
Ответ: