Талас өзені. Талас өзенінің бір бөлігі Қырғызстан жерімен, екінші бөлігі Қазақстанның Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады.
Өзен Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол және Үшқоша өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы Айдын көліне жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады.
Жалпы ұзындығы — 661 шақырым, оның Қазақстандағы бөлігі 453 шақырымға жуық. Е. Қойшыбаевтың пікірінше, Талас атауы — әуелдегі тау жонының аты. Сонымен қатар өзеннің атауын ортағасырлық Тараз қаласының атымен де байланыстырады.
Шу өзені — Қазақстан мен Қырғызстан жеріндегі өзен. Қазақстанда Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағып өтеді.
Өзеннің Қазақстан аумағындағы ұзындығы — 800 км. Теріскей Алатау мен Қырғыз Алатауындағы мұздықтардан басталатын Жуанарық, Қошқар өзендерінің қосылуынан басталып, Қвзвлорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы Ащыкөл-Ақжайқын ойысына құяды. Ірілі-уақты 80 саласы бар.
Бұл өзеннің атауы «су», «өзен» мағынасындағы көне түркі диалектілерінің бірінен жасалған деген пікірлер бар.
Елек өзені. Елек өзенінің бір бөлігі Ресейдің, екінші бөлігі Қазақстанның Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары жерімен ағып өтеді.
Ұзындығы — 623 км. Мұғалжар тауының батысындағы Бестөбе сілемінен қос тармақ болып басталады да, Жайыққа сол жағынан құяды. Қар және жер асты суымен толығады.
Електің 75 саласы бар, ірілері: Қобда, Көктөбе, Табантал, Қарғалы, Сазды.
Қараша-сәуір айлары аралығында мұз қатады. Өзенде жайын, көксерке, ақмарқа, табан, сазан, алабұға, шортан, аққайран, қарабалық бар. Суы өнеркәсіп орындарында пайдаланылады, егістік суарылады, орта тұсында жайылым суландырылады.
Answers & Comments
Ответ: