Помогите зделать сочинение на тему
Қазақстан қалаларын аралағым келеді
План
1.қіріспе бөлім
Қазақстан қалары
2.негізгі бөлім
Қазақстан қалаларын арлағым келеді
а)Маған ұнайтын қалалар
ә)Қазақстандағы көрікті жерлер
б)Қазақстандағы мәдени орындар
3.Қарытыды бөлім
Қен байтақ Республикам менің.....
Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.
Answers & Comments
Отан - оттан да ыстық
.
Қазақстан Республикасы - кең байтақ, бүкіл дүние жүзі бойынша жер көлемінен 9 орынды иеленіп отыр. Қазақстан Республикасынды барлығы 16 облыс, 86 қала бар. Еліміздегі ең үлкен қала - Алматы. Ең үлкен облыс - Қарағанды облысы. Қазақстан Республикасының тұрғындарының шамамен 56 пайызы қалалық жерлерде тұрады. Қалған 44 пайызы ауылды мекендерде тұрады.
Жалпы, елімізде көрікті, табиғаты әсем, пайдалы қазбаларға бай қалалар өте көп. Солардың ішінде маған Алматы қаласы мен Түркістан ұаласы өте қатты ұнайды. Алматы - көп жылдық тарихы бар, "Медеу" демалыс орны бар, таулары биік, табиғаты әсем үлкен мегаполис. Маған Алматы өзінің табиғатымен ұнайды. Алматыдағы адамдардың көбісі - ата-тегіміз қазақтар. Алматы - кең, қонақжайлы қала. Әрі ауа-райы Алматыда өте ыстық. Алматыда өзімді өте жайлы сезінемін, ол жерден кеткім келмейді. Себебі, Алматы - қасиетті қала. Ал Түркістан қаласы - тарихқа бай қала. Бұл қала маған өзінің құпияшылдығымен, ескерткіш-кесенелерімен, әрі көркем тарихымен ұнайды. Әрі Түркістан - ерте ортағасырылық қалалардың бірі.
Қазақстан жеріндегі көрікті жерлерге тоқталатын болсақ, олар өте көп. Мәселен, Баянауыл - табиғатына сөз жетпейтін, көз тоймайтын, өте сұлу мекен. Баянауыл қаласы-Павлодар облысына тиесілі. Және де Бурабай - Көкшетау облысында орналасқан. Бурабайдың да сұлулығына көз тоймайды. Көптеген ақындарымыз бұл жерлердің сұлулығын жыр арқауы еткен. Қарқаралы - Қазақстандағы ең әсем жерлердің бірі. Айта берсек, Қазақстанда әсем жерле өте көп. Тек шет елдерге қашпай, өзімізде бар байлықтың қызығын көре білсек болғаны.
Қазақстандағы мәдени орындарға - атақты музейлер мен өнер орындарын жатқызуға болады. Бұл тұрғыдан еліміздің астанасы - Астана қаласы мен Алматы қаласын ерекше атап өтуге болады. Себебі бұл 2 үлкен қала - мәдени орындарға өте бай.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біздің еліміз - кең байтақ, қиян дала. Мен өзімнің Республикаммен мақтанамын! Болашата мен де ата-апаларымыз сияқты елеміздің дамуына өз үлесімді қосамын.