Құрмалас сөйлемдер өздерін құрайтын сыңарларымен ерекшеленеді. Жай сөйлемді талдау барысында сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне, яғни оны құрайтын әрбір сөзге баса назар аудардық. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер бір-бірінен грамматикалық мағыналары жағынан да ерекшеленеді. Жай сөйлемдерде негізінен предикативтік, яғни жақ, модальдық және уақыт жағы басым болса, құрмалас сөйлемдерде негізгі мәнге оларды құрайтын сөйлемдерге назар аударылу керек, соны айқындағаннан кейін, оның әрбір сөйлеміндегі жай сөйлем принципі басшылыққа алынды. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдерге қарағанда тағы бір ерекшелігі – сөйлем санына байланысты десек, осының негізінде олардағы ой жай сөйлемдерге қарағанда күрделірек болуы. Сонымен құрмалас сөйлем деп екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді айтамыз. Құрмалас сөйлемдер сабақтас құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем болып үшке бөлінеді.
Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері өзара тәуелсіз, тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлем дейміз. Мыс: Табыс өзінен – өзі келмейді, оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек.(1. Табыс өзінен-өзі келмейді. 2. Оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек. )
Answers & Comments

Объяснение:
осы ма