Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған.
Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады.Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған. Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Сыбызғы тектес аспаптар басқа халықтарда да (абхаз, адыгей, өзбек, тәжік, татар, башқұрт, т.б.) бар. Бұл аспап алғаш 1934 ж. қазіргі Қазақтың мемлекеттік академия халық аспаптары оркестрінде пайдаланылды. Қазір оның жетілдірілген түрі фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер мен оркестрлерде (“Сазген”, “Шертер”, “Отырар сазы”, т.б.) қолданылады.
Асатаяқ - қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қосып қолданатын болған. Асатаяқ жасалу тәсіліне қарай "күмбезді, "жалпақ басты", "ай басты", "жылан басты", "сопақша", "қалақша", т.б. болып келеді. Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әр түрлі салдыр-гүлдір, шулы дыбыс беретін темір салпыншақтар, сақиналар, шығыршықтар тағылады. Асатаяқ туралы деректер Г.М. Броневский, П.Бекетов, Р.А. Пфеннинг, т.б. зерттеуші-этнографтардың еңбектерінде кездеседі. Асатаяқ туралы Ш.Уәлиханов пен белгілі зерттеуші Б.Сарыбаевтың еңбектерінде жазылған. Асатаяқтың көне түрлері Ықылас атындағы Қазақ музыкалық аспаптар мұражайында сақтаулы. Асатаяқ қазіргі кезде "Отырар сазы", "Сазген", "Шертер", т.б. музыкалық фольклорлық-этнографиялық оркестрлер мен ансамбльдерде қолданады.
Аспап — адамның күнделікті тіршілігінде қолданылатын құрал немесе машинаның белгілі бір жұмыс атқаратын тетігі. Аспаптың кесетін (кескіш, бұрама тескіш, кергі, фреза т.б.), жағатын (штамп, дөңгелетпе т.б.), ажарлайтын (ажарлауыш дөңгелек, ажарлауыш білеу т.б.), соғатын (балға, қашау, ойғыш т.б.), бекітетін-қысатын (станоктардың қысатын патрондары, кескіш-ұстағыш, қысқыш, кемпірауыз т.б.) түрлері бар. Сондай-ақ ғылым мен техникада әр түрлі өлшеулер жүргізуге және басқадай амалдар жасауға қолданылатын приборлар, құралдар мен құрылғыларды да аспап дейді. Музыкада аспаптың жеке (домбыра, қобыз, шаңқобыз, сырнай т.б.), камералық-ансамбльдік, оркестрлік (бас домбыра, альт-домбыра, баян, барабан т.б.) түрлері бар.
Answers & Comments