попс формуласын пайдаланып иммунитетті көтерудің ең тиімді тəсілі тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар
1-сөйлем менің ойымша, . . .
2-сөйлем мен оны былай түсінемін . . .
3-сөйлем оны мына деректермен мысалдармен дəлелдей аламын . . .
Соңғы сөйлем : осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім . . .
7 сынып 37бет 6тапсырма
Answers & Comments
Ответ:
Менің ойымша, иммунитетті көтерудің тиімді тәсілі – салауатты өмір салтын ұстанып, көкөніс пен жеміс-жидектерді тағамға көп пайдаланып, сонымен қатар сут тағамдарын жиi iшiп тұру.
Мен оны былай түсінемін: көкөністер мен жеміс-жидектердің, сүт тағамдарының құрамында адам ағзасына қажетті түрлі дәрумендер бар, сонымен қатар соңғы кездері көп адам дұрыс тамақтану бағытын ұстанып жатқандықтан, көкөніс жеу асқазанға пайдалы, әрі артық салмақтан да арылуға көмектеседі. Әсіресе, маусым арасында құрамында С витамині бар көкөністер мен жеміс - жидектерді қолданған дұрыс.
Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын: Дәрігерлердің айтуынша, адам иммунитетін көтерудің ең тиімді тәсілі – салауатты өмір салтын ұстану. Иммунитетті көтеру үшін үйлесімді тамақтану маңызды орын алады. Күніне 3-4 рет, уакытылы және дұрыс тамақтану, ол үшін кебектен, витаминді - минералды кешенмен байытылған ұннан жасалған нан, қырыққабат, сәбіз, аскөк және қызылшаны көбірек пайдаланған жақсы.