Қуануға, қорқуға, ренжуге байланысты көңіл - күй одағайларымен диалогтар
1. Қуануға байланысты диалог
- Алақай, анашым!
- Балам - ау, тыныштық па, не боп қалды?
- Мені құттықтап қойсаңыз болады!
- Құттықтаймын, жаным! Олимпиада қорытындылары шыққан болар?
- Ия, анашым, дәл таптыңыз. Олимпиаданың екінші кезеңі бойынша мен бірінші орынды иемденіп, енді облыстық жарысқа қатысатын боламын!
- Бәрекелді, жарайсың, құлыным! Сен үшін өте қуаныштымын!
- Алақай...! Алақай...!
2. Қорқу тақырыбына диалог
- Астапыралла! Онысы несі? Тіл-көзден сау болғай, жас адам...
- Кім туралы айтып жатсыздар, апа?
- Көрші үйдің баласы жайлы...
- Қандай жағдай, не болды?
- Жоқ жерде құлап, тура тойдың алдында аяғын сындырып алыпты...
- Сұмдық - ай, обал болған екен. Тез жазылып кетсін...
3. Ренжуге байланысты диалог
- Түу... Мына шамның сөніп қалғаны - ай!
- Не боп қалды, Әсетжан?
- Ертеңгі сабаққа қажетті реферат басып отыр едім, шам сөніп қалды...
- Ойпырмай, еңбегіңнің бәрі далаға кетті ғой.
- Ия, соған ішім ашып тұр. Енді басынан бастап қайта теру керек болады.
- Жарайды, балам, оған бола ренжіме.
Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.
Answers & Comments
Verified answer