ПОЖАЛУЙСТА!! ПЕРЕВЕДИТЕ НА РУССКИЙ!!! БУДУ ОЧЕНЬ БЛОГОДАРНА!!!!
Азамат сегіз жасынан бастап дәрігер болуды армандады. Көп ауырып қалатын анасын өзі емдеп жазгысы келді. Ал әкесі өмірдің аздаған қиындығына төзбей аурушаң жары мен жалғыз баласын тастап кетті. Азамат ата-анасының минездеріен сабақ алып өсті, үлкенді сыйлап кездесіп қалса, сәлем беріп, алдарынан қия өтпеді. Ал кішіге қамқор боп әрдайым көмек қолын созуға дайын болды. Күндіз еш нәрсені елемейтіндей боп көңілді жүретін бала кешке ұйықтар алдында анасына білдіртпей жылап алатын. Ол үнемі анамнан айырылып қалам ба, деп қорықты. Әдебиет сабағынан жазатын шығармаларының көпшілігінде дәрігер болсам деп жазды. Уақыт зымырап өтіп жатты. Биыл ауылдың үлкеніне де, кішісіне де сыйлы азамат мектепті бітірді. Армандаған оқуына грантка түсті. Ол анасының жанын үнеми алға жетелеген үмітімен жақсы атымен емдеп келеді. Енді анамды ауруынан құлан таза айықтырамын деп қуанышы қойнына сыймай жүр.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.