Пожалуйста перевидите текст на русский. Только правильно, не как в переводчике. Буду очень благодарна. Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір
аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған.
Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек. Бөлек бір дос тапты. Онысы — әжесі. Одан қала берсе — шешесі.
Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі бір түрлі әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Бірде Абай сырқаттанып жатып, әжесінен әңгіме айтуын сұраған. Сонда әжесі ойланып отырып:
- Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен... - деп, кішкене тақпақтан бастап еді. Абай соны ұғып қалыпты, келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесінің тізесінен ақырын қағып:
- Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен... - деп, тағы да әңгімені тілегенін білдіруші еді.
Әжесі әуелде көп-көп ертегілер айтқан. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді және ол көбінесе өлең сөзді жиі айтатын.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.