Каратэ[1] (жапонша – қарусыз қолмен) – қарусыз қорғанудың бір түрі; қол және аяқпен қарсыласы денесінің неғұрлым осал тұсына соққы беруге негізделген. Спорттық жекпе-жектің бір түрі. Рюкю топаралындағы Окинава аралдарында 15 ғасырда пайда болған. Сол кездегі князь Се Хайси (1470) қару ұстауға рұқсат бермеген. Ал жергілікті халық сырт жаудан қорғану мақсатында Каратэні өмірге әкелген. Ол кезде Окинава Жапониямен емес, Қытаймен көбірек байланыста болған. Сөйтіп, Каратэ Қытайдың кунг фу қарусыз күрес түрімен қатар дамыған. Қазір Каратэнің каратэ-до (олимпиялық спорт түрі), шотокан, кекусинкай, ситро-рю, годзюрю, вадо-рю деген түрлері бар. Қазіргі Каратэ жүйесі 20 ғасырдың басында дамыды; джиу-джицу күресінің тәсілдерінің сұрыптап алынған, жетілдірілген түрі. Халықар. К. федерациясы 1968 жылы құрылды. Оған 50-ден астам мемлекет мүше (1999). Дүниежүз. чемпионат 1970 жылдан, Еуропа чемпионаты 1971 жылдан өткізіліп келеді. Қазақстанда Каратэ 1991 жылдан кең етек ала бастады. Каратэден алғаш спорт шебері нормасын орындаған Қ.Молдажанов. Кейінгі жылдары бұл күрес өнері тез қарқынмен дамып, көптеген қазақ жастары Каратэ түрлерінен Дүние жүзі, Азия чемпионы атақтарын иемденді. Каратэнің каратэ-до түрі 2004 жылы Афинадаөтетін 28-олимпиялық ойындар бағдарламасына енгізілді.
Каратэда адамның дене дайындығы дайындығы (күш, шапшаңдық, шыдамдылық, ептілік және т.б. ғана сынға түспейді сонымен қатар жақсы жетілген әдіс тәсіл, айла, спортшының бойындағы рух мықтылығы да сыналады. Оның бәсекелері екеуара спаринг-матч ретінде өтеді және мұндай жағдайда каратэ жекпе-жегінің көптеген әдістерін қолдануға рұқсат етілмейді. Жекпе-жек кезінде спортшылар бір-бірін жарақаттап алмас үшін к-энің кейбір әдістеріне қолдануға тыйым салынған.
Answers & Comments
Ответ: