Пожалуйста помогите дам 15 баллов <мен өз елімнің патриотымын> туралы шығарма керек заранеп спасибоо
Answers & Comments
araykooosh
Қазақстан көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың әрқайсысы қазақ тілін және мәдениетін жақсы меңгерген. Қазақстанда еркін, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Оның бәрі ұлан байтақ еліміз бен жерімізді аман сақтап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған ата-бабаларымыздың арқасы. Осы бейбітшілік үшін ата-бабаларымыз, сан мыңдаған батырларымыз жанын қиды. Қазіргі таңда Қазақстан күннен-күнге көркейіп келе жатыр. Еліміздің бас қаласы – Астана. Астана жас қала болса да, ерекше көздің жауын аларлықтай керемет. Сонымен қатар көкке асқақтай көтеріліп, еліміздің айбынына айналған бәйтерек те Астана қаласында орналасқан. Бәйтерекке күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен, шет елдерден жиналған адамдар бір толастамай ағылып келіп жатады. Сондай-ақ Ханшатыр, Ақорда, «Қазақ елі» монументі сияқты ерекше көрікті жерлер аз емес. «Қазақ елі» монументі 2009жылы 20 қазанда еліміздің басты бейнесі ретінде бой көтерді. Монументтің биіктігі 90 метр. Ал рәміздерімізге тоқталатын болсақ, олар: Әнұран, Ту, Елтаңба. Біздің еліміздің туы көк түсті. Ортасында күн мен қыранның суреті бейнеленген. Күн еліміздің болашағы жарқын, жолы ашық ел екенімізді білдірсе, қыран құс еркін, азат, тәуелсіз мемлекет екенімізді білдіреді. Туымыздың шеткі жағында алтын түстес бояумен боялған ұлттық оюымыздың бірі болып табылатын қошқар мүйіз бейнеленген. Ал Елтаңбамызда бидай қанатты пырақ, жұлдыз, шаңырақ орналасқан. Бидай еліміздің молшылығын білдіреді және қасиетті де, қадірлі нанымыз осы бидайдан алынады. Жұлдыз ол әрқашан кеңпейіл болашағымыз жарқын ел екеніміздің символы. Бұрындары адамдар жұлдыздарға қарап, ауа райын, жұлдыздардың бағыт-бағдарын анықтаған. Демек, жұлдыз біздің жұлдыздай жарқырап, әлі талай асуларды бағытдыратынымыздың нышаны. Қанатты пырақ қанатын кеңге жайып, даламыздың шексіз байтақ екенін білдіреді және тұлпардай жүйрік екеніміздің бірден-бір белгісі. Шаңырақ ол татулық пен бірліктің, ынтымақ пен күш-қуаттың белгісі ретінде алынып отыр. Шаңырақ біздің ата қонысымыз, көшпелі қазақ халқының жайлы баспанасы бола білген, қазақ үйдің төбесінде тұратын бір бөлігі.Қазақ халқы шаңырақты киелі деп санаған. Қазақстаным – Отаным гүлдей жайнаған, Төсінде оның тасқындап еңбек қайнаған. Төскейі малға, астыққа толып қамбасы, Еліміз дамып, жылжыды өрге арбасы- деп, Н.Манабаева жырлағандай, туған жердің қадірі әркімге-ақ белгілі шығар. Ия, расымен туған жердің, Отанның алдындағы махаббат ыстық, әрқашан мен үшін қымбат. Ал, бұл тәуелсіз Қазақстан атты мемлекет жеке дара қалыптасуы үшін де ата-бабам талай қиыншылықты бастан кешкені бізге мәлім. Халық жоңғарлардың толассыз шабуылынан қорлық көріп, ақырында тепсе темір үзетіндей батырлардың ерлігінің арқасында азат болды. Ашаршылық зардабын тартып, халықтың сан мыңдаған боздақтары қырылды. Патша өкіметінің қатал саясатының арқасында қаншама жерлерінен шектеніліп, тіпті мал жайылатын жайылымдарынан да айрылып қала бергені де белгілі. Ұлы Отан соғысы да қазақ еліне өз кесірін тигізбей қоймады. Осы уақытта талай елдің от тілді ақындары, жау жүрек жауынгерлері, аяулы әке, үкілеген үмітті аналар, өрімдей жас жігіттер мен қыздар майданға аттанды. Олар Отан үшін, ел үшін қасық қаны қалғанша аянбай ерлік көрсетіп, осы жолда құрбан болды. Ал, бұлардың барлығы осы қазіргі біздің, жас ұрпақтың, игілігі үшін жасалған ерлік емей немене? Мен осы ата-бабамның рухына тағзым ете отырып, оларды әрқашан құрметтеймін, мақтан етемін. Желтоқсанның ызғары да қазақ халқының болашағы, келер келешегі үшін болып өтті. Бұл оқиға аясында да талай жас буын жазықсыздан-жазықсыз қамауға алынып, ешбір аяушылық көрмей, мерт болды. Мұны да елімнің келешегіне бола жасалған ұлы әрекет деп білемін. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.Ал, қазіргі таңда Қазақстан осы қиындықтарды жеңе білген тәуелсіз мемлекет. Патриотизм - ұғымының түп тамыры гректің «патрис» деген сөзінен шыққан. Ол қазақ тілінде – «Отан», «Атамекен» - деген мағынаны береді. Патриот болу ол қиын нәрсе емес, өзіңнің тіліңмен, еліңмен мақтансаң, міне сен патриотсың. Патриот болу тек қана ұлттық киім киіп немесе халық әндерін тыңдау емес, тіпті бұларды істемеуге де болады. Ең бастысы сен отанға адал қызмет етіп, еліңмен мақтанып жүрсең, бұның өзі отанға деген махаббатты білдіреді. Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Кез - келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата - ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді - өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өзімізді патриот болуға тәрбиелей аламыз. Менің Отаным – Қазақстан.
Answers & Comments