Пожалуйста, помогите перевести текст.

Бүгін қарындасым Арайлымның туған күні. Анам ас әзірлеп жүр. Ал әкеміз екеуіміз базарға сыйлық және торт алуға бардық. Қарындасым көк түсті қатты ұнатады. Сондықтан оған көк түсті көйлек және «Туған күніңмен!» деп жазылған үлкен торт алып, үйге келдік.
Анам дастарқанды жайнатып тастапты. Біз әкелген тортты да қойып үлгерді. Шақырған қонақтарымыз да келді. Олар Арайлымға өз сыйлықтарын беріп жатты. қарындасымның аққұбаша жүзі куаныштан бал-бұл жанып, мәз болды. Сыйлықтар бір-бірінен өткен әдемі, қажетті заттар екен. Арайлымға қатты ұнаған сыйлық көрші апайдың әкелген сөмкесі болды. Қонақтар кезекпен тілектерін айтып жатты.
Кезек маған да жетті. Мен қарындасыма ағалық лебіздерімді білдіріп, әкем екеуіміз алған сыйлықты әкелдім.Көйлектің көк түсін көрген Арайлым оны киіп көргісі келіп, өз бөлмесіне кетті.
Арайлым біз отырған бөлмеге кіріп келді. Көйлек талдырмаш нәзік денесіне жарасып қалған. Көрші Зәуреш апайдың сыйға тартқан көк сөмкесін қолына ұстаған. Ұзын толқынды шашын жіберіп қойыпта. Ботадай көздері мен ұзын кірпіктері қуанғанынан жыпылық-жыпылық етеді. Маған рақмет дегендей , жүгіріп бетімнен сүйді. Мен де сыйлықтың қарындасыма ұнағанына іштей қуандым.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.