Пожалуйста, помогите с заданием!
1-тапсырма. Диалогті оқыңдар.
- Анашым, мені таңертең ертерек оятыңызшы.
- Жарайды, ботам. не үшін ерте тұрасың? Ертең демалыс қой.
- Дүйсенбі күні мектепте ардагерлермен кездесу болады. Соған дайындаламыз.
- Қай уақытта дайындаласың?
- Таңертең сағат онда мектепке жиналамыз. Үақытында баруым керек.
- Дұрыс, балам. Кез келген кездесуге үақытынан кешікпей бару қажет. Ол мәдениеттіліктің белгісі.
- Иә анашым. біздің сыныптағы кейбір балалар кешігіп келеді. Мұғалім "Кешікпей келуге дағдыланыңдар уақытты бағалау керек!" - деп, үнемі айтып отырады.
- Мұғалім дұрыс айтады. Сенің қазіргі кездегі ең басты жұмысың – сабақ оқу. Уақыт – саған берілген керемет сый. Сондықтан оны тиімді пайдалан. Сабағыңды жақсы оқы. Мектепте алған білімің саған өмір бойы азық болатынын да ұмытпа. Уақытында келу арқылы сен басқа балаларды да қалай сыйлайтыныңды көрсетесің. Уақыт –ең қымбат дүние. Сондықтан оны бағалау керек!
Диалогтың тақырыбы:__________________________________
Негізгі ойы:______________________________________________
Басты кейіпкерлері:______________________________________
Анасының кеңесі:___________________________________________
Answers & Comments
Ответ:
диалогтын такырыбы ':Уакыт
Басты кейипкерлері:Анасы мен баласы
Анасының кеңесі:Уакытты қадірле!мектепте алған білімің саған өмір бойы взық болады
Увкытында келу арқылы сен басқа балалардыда қалай сыйлайтыныңды көрсетесің деп анасы баласына кеңес айтты