ПОЖАЛУЙСТА СРОЧНО ДАМ 30 БАЛЛОВ
Дайте название тексту
Ежелгі Қазақстан қалаларының ішінде Отырардың аты екі жайтқа байланысты ерекше
айтылады: 1) ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған қала ретінде кеңінен танымал, 2) әлемдегі ең ірі кітапхана орналасқан мәдени орталық ретінде белгілі. Алғаш рет «Отырар» және «Фараб» атаулары біздің заманымыздың IX ғасырындағы жазба деректерде кездеседі. Отырар XIII ғасырдың ортасында Батыс пен Шығыс арасындағы жолда ірі сауда орталығына айналды. Себебі Ұлы дала арқылы өткен Ұлы Жібек жолы өркениеттің кепілі болды. Түркі қағанаттары жалпыадамзаттық өркениетті ұштастыра айтты. Батыс пен Шығыстан өздері де үйренді, өзгелерге де үлгі көрсетті. Алтын мен күміс бұйымдарға, «Мәңгілік тастарға», өгіз терісіне, қағазға басылған жазулар, теңгелердегi таңбалар – соның дәлелі.
«Шығыстың гүлдену дәуірі» тұсында христиан уағызшылары мен тақуалары өртеген Александрия кітапханасын қайта түлету мақсатында араб халифаттары Харун əл-Рашид (786- 809) пен Мамун (813-833) «Даналық үйін» («Байт әл-Хикма») ашады. Аса бай кітапхана, расытхана ашады. Ғылымның барлық саласына арналған кітаптарды бір орталыққа жинап, ғылыми-зерттеу, аударма, кітап шығару істерімен белсене айналысады. Бұл ислам ықпалына көшкен Орта Азиядағы Хорезм, Бұқара, Самарқан, Отырар шаһарына да тікелей әсер етті. Әр қалада өз «Даналық үйлер» ашылды. Жібек жолының бойымен керуен бастаған көпестер ең құнды сыйлық ретінде Отырар әкіміне кітап сыйлауды дәстүрге айналдырды. Тіпті, бұл мемлекеттік рәсім ретінде қабылданып, ресми сипат алды. Отырар кітапханасындағы қолжазба кітаптарды қала тұрғындары ғана емес, шалғайдағы басқа қаланың тұрғындары да пайдаланды.
Отырар қаласына Мимун халиф ерекше көңіл аударған. Ол араб ғылымы мен мәдениетінің ең озық үлгілері мен ғұламаларын, сахабаларын Отырарға аттандырды, кітапханалар мен мектептер, медреселер мен мешіттер салдырды. Сондай «Даналық үйінен» Әбу Насыр әл-Фараби де дәріс алды.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.