ПОЖАЛУЙСТА!!!!!!ПЕРЕВОД,ЭТО ОЧЕНЬ СРОЧНО!!!!!
бІР ШАЛДЫҢ ТӨРТ ұЛЫ болыпты. Бір күні ұлдарын жинап алып:
— Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсыларың маған байлыктарың мен ақылдарынды көрсетіңдер керек,— 
Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
—        Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—депті.

Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
—        Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— депті.

Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:
—        Бундай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген жоқ,—дейді.

Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші
ұлына қарап:
—        Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді. Сонда кенжесі былай депті:
—        Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, кайрат-жігерге толы жүрегім ғана бар. 

Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп кіші ұлын айтыпты. 
 Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.