Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. / Прочитав текст, ответьте на вопросы.
Домбыра - қазақ халқының көне музыка аспабының бірі. Домбырамен күй тартады, халық әндерін сүйемелдейді. Қазақ халқының атақты күйшілері: Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина өздерінің күйлерін осы домбырамен шығарған.
Бұл жөнінде көрнекті ақын Мұқағали Мақатаев былай деген:
Домбыра, жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін де білмес едім.
Біздің заманымызға қазақ халқының ән-күйлері, жыр-дастандары осы домбыра арқылы жеткен. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп, үйінің төріне іліп қояды.
Сұрақтар:
1.Домбыра қай халықтың музыкалық аспабы?
2.Домбыра не үшін қолданылады?
3.Қазақ халқының қандай күйшілерін білесің?
4.Домбыраны қазақ халқы қалай қастерлейді?
Answers & Comments
Ответ:
1. Домбыра қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспабы.
2. Домбыраны күй тарту үшін қолданады.
3. Қазақ халқының атақты күйшілері: Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина.
4. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп, үйінің төріне іліп қояды.