Шоқан Уәлиханов — XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған ағартушылық мәдениеттің негізін қалағандардың бірі. Өзінің жасындай жарқ еткен ғұмырында философия, этнография, география, экономика мен құқық салаларына атсалысқан әрі зерттеу жұмыстары бүгінгі ғылымда жоғары бағаланатын жазбалардың бірі болмақ.
Шоқан Абылайдан өрбіген ұрпақтардың бірі. Оның балалық шағы Сырымбет тауының бөктерінде өткен. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Оның келешегі үшін бұл оқу орнының атқарар рөлі зор болады. Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген.
Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытқан болатын.
Оның зерттеушілік қабілеті де корпуста оқып жүргенде қалыптаса бастайды. Ол жазғы демалыс кездерінеде ел аузында тараған жырлар мен дастандарды теріп жазып, аңыз әңгімелерді жинайды. Мысалы, Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі.
Шоқан әдебиет және оның теориясы жөнінде тың пікірлер, тұжырымдар жасайды. Ол өз мемлекетінің тіршілігі мен мәдени дамуына әсер етеді. Халық әдебиетін сол қалпында құрастырып қана қоймай, оны қоғамдық әрі әлеуметтік өміріне сәйкестендіреді.
Шоқан қазақтың шоқ жұлдызы болып қалады. Өйткені, оның әр сөзі мен сыны, сабағы мен жинағы мәңгілік мұра.
Answers & Comments
Ответ: