прравда или ложь казахский язык


1-тапсырма

Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.

Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні тәрізді, бертін келе Қожабергеннің «құйрығы» үзіліп түсіп қалыпты. Бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім де айтып бере алмайды.Сонымен, мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі солай атайды.Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа. Оқушылар екеуімізді шатастырып алмас үшін, өңімізге қарап, мені Қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды.Әуел баста мен бұған да шамданып қалатын едім. Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. «Қара Қожа» дегендерге «әу» деп, жалт қарайтын болдым.Жантас тәрізді қылжақтар осының өзін де дұрыс айтпайды, әдейі бұзып, келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Мен байқамай қалып, «әу!» деймін. Бірақ бұл қылығы үшін, бейшараның обалы нешік, тиісті сыбағасын менен талай рет алды...Фамилиям Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі «ов» болып жатқанда, менің олардан алабөтен жырылып шыққаным жарамас дедім де, «Қадыровқа» қайтып келдім.





Ақпараттар + дұрыс - бұрыс

1. Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім.

2. Ауыл-аймақтың бәрі солай атпайды.

3. мен өзім ес білгелі Қожамын.

4. Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Айтаберген екен.

5. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған.

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.