пж переведите на русский!!!!!!!!!!!


Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжалдасып ханның алдына жүгініске бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожа хан алдына қойнына бір үлкен тас салып барады. Хан екі жағының да арызын тыңдап болып, енді үкім айтуға кірісерде, Қожа қақырынып қояды. Хан бұрылып, Қожаның бетіне жалт қарайды. Сонда Қожа ханға жұдырығымен қойнын көрсетеді. Ханның көзі Қожанасырдың қойнына түседі, өйткені Қожанасырдың қойны біраз қомақты болып, томпайып тұр екен. Хан Қожанасырдың қойнында көп алтын бар екен деп дәмеленеді. «Менің сөзімді сөйлесең, осы алтынды саған берем», -
деп тұр екен деп, ойлайды ол. Сондықтан хан сөзді салмақтай келіп, Қожанасырдың арызын дұрыстайды. Үкімге риза болмаған бай ашуланып, кетіп қалады. Кеткен соң, хан күлімдеп, Қожанасырды жанына
шақырып алып:
- Ал Қожеке, маған ризасың гой. Байды саған жығып бердім. Енді қойныңдағы алтыныңды бер! - дейді.
- Тақсыр, мен сізге алтын көрсеткенім жоқ қой. Менің қойнымдағы алтын емес, тас еді, - деп, Қожа қойындағы тасты алдына тастай береді.
- Сен маған билік айтарда, көзіңді қысып, қойыныңды көрсеттің, ол не дегенің еді? - деп, сұрайды хан.
- Уа, тақсыр! Менің қойнымды көрсеткенім: «Хан әділ билік айт, әйтпесе мына таспен ұрып жығам!» -дегенім еді, - дейді Қожа.

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.