Пж пж:(
Айтылым Бір тақырыпқа таңдау жасап , сол тақырып бойынша монолог дайындаңыз ( 8-10 сөйлем ) Монолог барысында сөз ішінде және сөз аралығындағы ілгерінді , кейiндi және тоғыспалы ыкпал заңдылықтарын ескеріңіз . Ұсынылатын тақырыптар : 1.Досыңа әзілді асырып айтсаң да , басынып айтпа . 2.Дос пен досты есеп бұзады не есек бұзады . 3.Нағыз дос уақыт өте келе айқындалады . 4. Кәсiбiн таңдауда кателескен адам жетістікке жете ала ма ? Пікір білдіріңіз . 5. Адамның атын еңбек шығарады .
Answers & Comments
Ответ:
Өз басым айтылған пікірмен толықтай келісемін. Себебі, біріншіден, адал достар арасында ешқандай есеп айырысу болмау керек. Осы орайда, «Досыңа қарыз берме, берсең, сұрама» деген нақыл сөз есіме түсіп отыр. Себебі, досың қиналған сәтте сенен қарыз алады және жағдайы келіп жатса, міндетті түрде қайтаруға тырысады деп ойлаймын. Ал егер, қайтып бере алмай жатса, бергеніңді міндетсінбеу керек. Бұл достар арасына кірбің салады.
Ал екіншіден, дос болған адамның сыртынан ешқашан жаман пікірлер айтып, қауесеттерге ермеу керек. Себебі, адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ал сен досыңды жамандайтын болсаң, демек өзің де сондайсың.
Сондықтан да, ұлы дана Абай атамыз айтқандай бес дұшпанның біреуі саналатын өсектен аулақ болып, достық қатынасты сақтай білейік. Өйткені, достық қарым – қатынас өмірімізде өте маңызды, адал дос табу оңай емес. Әрқайсымымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Осындай достарымыз көп болып, достықтарымыз мәңгілік болсын дегім келед