Қой терісі, тауарлық қасиеттері мен өндірісте пайдалану мақсатына байланысты және жүнінің бітісіне қарай елтірілік, тондық және былғарылық қой терісі болып бөлінеді.
Елтірілік түрге биязы, биязылау және ұяң жүнді қойлардан алынған терілер жатады. Бұл терілерден ең жоғары сапалы табиғи және боялған елтірі дайындалып, олардан елтірі шапан, бас киім, жаға, т.б. тігіледі. Сонымен қатар оларды аң терілеріне сәйкестендіріп бояп (құндыз, нутрия, теңіз мысығы, тағыда басқа) ішік, тағыда басқа бағалы елтірі бұйымдар жасайды.
Тондық қой терісіне жүнінің ұзындығы 2,5 сантиметрден жоғары қылшық жүнді қойлардың, олардың будандарының терісі жатқызылады. Олардан қаптал тон, тұлып, қысқа тон, тағыда басқа жүні ішіне қаратылып жасалған жылы киімдер тігіледі. Былғарылық теріге жүнінің сапасы нашар, елтірі және тон жасауға жарамайтын терілер жатады. Ол тауарлардың алуан түрін шығаруда құнды шикізат болып табылады.
Answers & Comments