Қар барысы немесе ілбіс – Қазақстандағы мысық тұқымдастарға жататын ең ірі аң. Олар әлі күнге дейін Іле Алатауын мекендейді. Ғалымдардың айтуынша, қар барысын Алматы қорығы аумағынан ғана емес, Әл-Фараби даңғылынан оңтүстікке қарай 5-10 шақырым жерден де кездестіруге болады. Барыс таудан төмен түскен жоқ, бірақ қаладағы құрылыс мұздықтарға жақындап барады. Барысты Көлсай көлінен, Қаскелең, Өтпелі шатқалынан, Аюсайдан, Бутаковка мен Кімасар шатқалдары биігінен байқауға болады. 2013 жылы зоологтар Көкжайлау шатқалының биігіндегі Құмбел жотасынан да жануардың тезегін тапқан.
Қар барысы таралу ауқымы мен саны азая бастаған сирек түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабында үшінші санатқа енген. 1982 жылғы санақ бойынша 180-200 барыс қалған. Фото, видео арқылы алынған мәліметтер, жергілікті тұрғындармен сөйлесу және барыстың ізін іздеу арқылы ғалымдар қазір Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай сілемдерінде 110-130 шамасында ғана барыс қалды деген қорытындыға келді. Ғалымдардың сөзінше, ілбістің жойылуына таудағы антропогенді іс-қимыл себеп. Мал жайылымы кеңейіп, соның кесірінен үй жануарлары барыстың негізгі қорегі – жабайы тұяқтыларды ығыстырған. Барысты, оның қорегін де аулау, яғни браконьерлік те – олардың азаюына себеп.

Тауешкі - қар барысының негізгі азығы.
Адамдардың тауды игеруінің өзі барысқа теріс ықпал етеді. Зерттеушілердің пікірінше, қар барысы жүретін ұлттық саябақтарда келушілер көп болғандықтан, аңды мазалау көбейген. Сондықтан хайуан қорек етуге жарамсыз жерлерге көшеді...
Answers & Comments
Ответ: