Әрбір адамның өмірі өз қолында. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан заманда ешқандай тиым жоқ, тек заңға бағынып, оны бұзбасақ болғаны. Осы бізге берілген өмір, бізге берілген мүмкіндік. Яғни, бұл мүмкіндікті жақсы жағынан пайдаланған абзал. Әрдайым пайдалы іс жасап, өмірімізді жақсарту өз еркімізде.
Әр адам жеке тұлға және әркім өз ойын толық жеткізуге құқылы. Адам өмірге қандай көзқараспен қараса, сондай жетістектерге жетеді. Өмірде әділдікті жақтаса, өмір адамға да әділ қарайды. “Мына адамда анау бар, менде неге жоқ” деп адам өздерін шикідей жеп жатады. Алайда, біреуде кем, біреуде көп болуы, ол заңдылық, тек уақытша. Жоқтығың үшін еңсеңді түсірмей, тек алға қалай қадам басып, өз миың мен жүрегіңді тыңдап, еріншектікке бой алдырмау қажет!
Адам театр актерлері сияқты, сонымен қатар жазушы іспеттес. Өз тағдырларын өздері жазып шығады. Тек әдемі жазба жазғандар, әдемі өмір сүреді. Әдемі жазба жазу дәл өзіңнің қолыңнан келетініне сену керек. Себебі, адам жасаған нәрсесі, екінші бір адам істей алатыны кәміл...
Әр адам жақсы білім алуға, мамандық таңдауға, жақсы жұмыс істеуге, аяулы жар табуға, салиқалы балалардың ата-анасы болуға, бастысы 5 күндік жалғанда жақсы өмір сүруге құқылы. Тек өзімізді дамытудан жалықпау қажет. Жақсы жандармен араласып, сүйікті іспен айналысу маңызды. Уақытты тиімді, әрі пайдалы өткізсек, өмірімізде әдемі жазба болмауына кім келіп?!
Answers & Comments