Расул Ғамзатов (1923-2003) — Дағыстанның халық ақыны. Расул Ғамзатов жырлары қазақ жұртшылығына да жақсы таныс. «Жарық жұлдыздар», «Менің Дағыстаным» кітаптары әр қазақтың төрінде тұр. «Тау қызы» театр сахнасында қойылды. «Менің атам» - бүлдіршіндердің сүйіктісі болды. Шынында, Расул Ғамзатов жырларынан адамға деген соншалық бір жылылық сезіледі.
Жазу мәнерінен, ұлттық бояуынан, жеңіл әзілінен жүз ақынның жырынан Расул өлеңін бірден айыруға болады. Туған топырақтың бар маңызын бойына сіңірген Расул екі сөзінің бірінде өз халқының дана қасиеттерін, кесек мінездерін алға тартады. Ылғи да ел мен жерге деген іңкәрлікті жырлайды. Әрі үлкен-кішіге, тұрмыс-тіршілігі әр түрлі адамдарға бірдей үғымды тілмен, табиғи түрінде шебер жеткізе біледі.
Answers & Comments