777Яков777Астанасы қаласында 2001 жылы салынған мәдениет және сәулет туындысы. Бәйтерек Астана қаласының жаңа орталығының орта тұсында орналасқан. Қазақстан астанасының Ақмолаға көшкен жылына байланысты ғимараттың биіктігі 97 метр болып белгіленген. Әсемдеп жасалған темір конструкциялардың жоғары жағында жұмыртқа бейнесіндегі шар орналастырылған. Бұл аңыз бойынша самұрықтың жұмыртқасы іспетті. Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді. Өйткені самұрық құс өз дұшпандарынан сақтанып, жұмыртқасын осындай биік ағаштың басына салады екен. Осы идея Бәйтеректің дүниеге келуіне себеп болған. Қазіргі кезде Бәйтерек Астана қонақтарының міндетті түрде баратын мәдени орнына айналды. Астананың рәміздік бейнесіне айналған Бәйтерек елордада өтетін әртүрлі шаралардың, жиындардың, шығарылатын кітаптардың таңбалық белгісіне айналып отыр. «Бәйтерек» атауымен еліміздің әр түкпіріндегі нысандары аталып жүр.
Answers & Comments