1919-20 жылдары Орынборда, Қызылордада, Семейде ағарту институттары ашылды, мысалы 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейінірек Ортаазиялық университет). Ол Орта Азия мен Қазақстан үшін кадрларды даярлаудың негізгі орталығына айналды. Оның жанынан қазақ жастарын оқыту үшін арнайы бөлімдер жұмыс істеді. 1920 жылы Ордада Бөкей ағарту институты ашылды. 1921 жылы Орынборда (кейін Қызылордаға ауыстырылды) және Верныйда – қазақ халық ағарту институттары ашылды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кампусы
Қазақстанның бірінші жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты – 1928 жылы Алматыда ашылды. Бұдан кейін 1929 жылы Алматы зооветеренарлық институты, 1930 жылы Қазақ ауыл-шаруашылық институты, 1931 жылы Қазақ медицина институты ашылды. Бір жылдан кейін Орал педагогикалық институты ашылды. 1932 жылы республиканың жоғары оқу орындарында 2 мың студент білім алды, оның ішінде 40,5% қазақтар. 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті және Тауметаллургия институты ашылды.
1941 жылы республиканың халық шаруашылығында кәсіби мамандар арасында (52,3 мың адам) жоғары білімі барлар 16,8 мың.
1968-87 оқу жылдарында республиканың 55 жоғары оқу орындарында 274 мың студент білім алды.
1994 жылы Елбасымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бекітілді (1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы).
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде мамандарды дайындау 2005 жылдан бастап Басым мамандықтар тізіміне сәйкес жүргізіледі. Жыл сайын шетелде мамандарды дайындау бойынша Республикалық комиссия шешімімен Басым мамандықтар тізімі бекітіледі.
2008 жылдан бастап ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық жұмыскерлерге, ғылыми тәжірибиеден өту үшін квоталар қарастырылған.
2010 жылы ғылыми тәжірибие үшін 24 елдің 105 ғылыми ұйымдарында академиялық оқу үшін ұсынылған жоғары оқу орындары тізіміне 23 елдің 200 жоғары оқу орындары кірді.
2009-2010 оқу жылдарында «Болашақ» бағдарламасының 3000 стипендианты 27 елде білім алды.
Болашақ стипенидиясының логотипі
1994 жылдан 2009 жыл аралығында бағдарлама бойынша 1700 астам адам бітірді.
2002-03 оқу жылының басында елде 177 жоғары оқу орны жұмыс істеді, онда 597 мың 489 студент білім алды. Жекеменшік жоғары оқу орындарының саны 127 құрады. Онда 257 мың жас білім алды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жоғары білікті мамандарды даярлауда, оқытуда, ғылыми және мәдени дамуда едәуір жұмыс атқарып жатқан сегіз мемлекеттік жоғары оқу орнына ерекше мәртебе берілді. Олар - Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық музыка академиясы.
Жаяу әскерлер әскери институты, Әуе қорғанысы әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Ұлттық қорғаныс университеті ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары болып табылады және Қазақстанның Қарулы күштері үшін басқарушы, инженер-техник және арнайы мамандарды даярлайды.
2004 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуға болатын мамандықтардың санын барынша қысқартты. Жаңа тізбе халықаралық білім беру стандартының тізбесіне сәйкес қалыптастырылды.
Республикада 141 жоғары оқу орыны жұмыс істейді, оның ішінде 63-і мемлекеттік емес жоғары оқу орны. Студенттердің жалпы контингенті 768 мың адамды құрады. Профессорлық - оқытушылық құрамның саны 42 мың адам, оның 36 %-да ғылым докторы мен кандидатының ғылыми дәрежесі бар.
Болон процесінің талаптарына сәйкес Қазақстан мамандарды даярлаудың үш деңгейлі үлгісіне көшті: бакалавриат - магистратура - докторантура Ph.D.
Елдегі ірі жоғары оқу орындары - Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне шетелдік консултанттарды жұмысқа тарту үшін жыл сайын 2 млн. доллар бөлінеді.
Answers & Comments
Ответ:

наверное помогла