Рустам дәл сол күннен бастан іштей уәде етіп, Нұрсұлтан аға айтқандай, «барлық салада үздік атануға» белсене кірісті.
Жаңа жылдық шыршадан кейін Рустам бойындағы жүрексінуді жеңіп, бірден вокал үйірмесіне барды. Оның дауысын тыңдаган музыкант апайдар сөзге келместен топқа қабылдады. Мұнымен де тоқтамаған ол би тобына жазылды. Шағын денелі, шапшаң қимылдайтын шәкірт бұған да епті екен. Баскетбол командасына да жазылып, спортпен де тұрақты айналыса бастады. Әрине, ол бірінші орынға білімді қойды. Орыс сыныбында оқитын өзбек баласы қазақ тілін меңгеруге барынша күш салды. Соның нәтижесінде 6-сыныптан мектеп бітіргенге дейін аудандық олимпиадада бес жыл бойына 1-орынды ешкімге берген жоқ. Облыстық білім сайысында да қатарынан екі жыл 3-орынды иеленді. Облыстық деңгейдегі бірнеше байқауда топ жарған Рустам әншілік қырымен де танылды. Ал 2001 жылы бір топ өнерлі құрбы-құрдастарымен бірге Санкт-Петербургтегі «Поколение-ХХІ» байқауына қатысып дипломант атанды.
Ол есейе келе Елбасының бірнеше жыл бұрын айтқан бір ауыз сөзін есіне алып, жарқын өмірге бастайтын жалғыз жол – білім деп түйді. - нужен перевод, пожалуйста
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.