Ақпараттық хабарлама

1 маусым  күні  сағат 10.00-де Республика  Сарайы  алдындағы  алаңда  Балаларды 

қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа 

әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді.

Бағдарлама  аясында:  «Мейірім  жұлдыздары  жарқырайды»  атты  балалардың 

қалалық  фестивалінің  ашылуы  болады.  Онда  ұлттық  спорт  ойындары,  отбасылық 

эстафета,  балабақшалар  мен  спорт  мектептері  түлектерінің  спартакиадасы,  балалар 

суретінің байқауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.

Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер 

тегін көрсетіледі.

1 маусым  күні  сағат 12.00-де Алматы циркінде мектеп-интернаттар  мен тұрмысы 

төмен  отбасылар  балалары  үшін  цирк  әртістерінің  қатысуымен  «Жануарлар  әлемі»  атты жабайы  хайуандардың  (аю,  жолбарыс,  арыстан,  қасқыр)  өнері  ұсынылады.

Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

http://www.almaty.kz/ сайтынан.

Тұжырымның дұрыс нұсқасын+ белгісімен көрсет.                                                           [2] 


Тұжырым  

Дұрыс

Бұрыс

1

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 

шарада көптеген ойындар ұйымдастырылады.



2

Мерекелік бағдарламаға тек балабақшалар мен спорт 

мектептерінің түлектері қатысады.



3

Бұл күні жағдайы төмен жанұя балаларына цирк

әртістері тегін концерт көрсетеді.



Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.