сан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты: ТБ 3 - сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру. Т2.Оқыған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау Оқылым Мәтінді мұқият түсініп оқы. Ұлы Жібек жолы – біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдан бастап ХVІ ғасырға дейін қолданылған сауда жолы. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана дами бастаған. Қытайдың атақты жібегі осы жолмен тасымалданған. Соның құрметіне ол Жібек жолы деп аталған. Бұл жол Қытайдың орталығынан басталған. Ол қазақтың кең даласындағы ірі сауда орталықтарын басып өтіп, Самарқанд, Бағдад қалалары арқылы Жерорта теңізіне дейін созылып жатты. Оның жалпы ұзындығы 7 мың шақырымға жетті. Жібек жолы әртүрлі елдердің арасында экономикалық және мәдени қарым- қатынастардың дамуына ықпал етті. Мысалы, ертедегі Тараз қаласында мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім- кешек пен ер-тұрмандар сатылған. Ал Отырар қаласында саудамен қатар үлкен кітапханалар салынып, мәдениет пен білім және ғылым салалары өте жоғары дамыды. Қазақстанды Алтай, Моңғолия, Ресей, Орта Азия, Шығыс елдерімен байланыстырған. Қазір осы Жібек жолы өтетін елдер мен қалалар арасында сауда байланыстары қайта қалпына келтірілуде. Қазақстан Республикасы Жібек жолының дамуына көп үлес қосуда. Жібек жолы нарық экономикасы үшін бірден-бір сауда көзі болып табылады. (151 сөз)
1-тапсырма Берілген сандарды жазып, көп нүктенің тиісті сөздерді қойып жазыңдар. ІІ .... ХVІ ... 7000 ...
2-тапсырма. Мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңдар. Кіріспе бөлім __________________ Негізгі бөлім __________________ Қорытынды бөлім __________________
3-тапсырма. Мына сөздердің синонимін жаз. Дәуіріміздегі – Атақты – Қала –
4-тапсырма. Мына сөздердің антонимдердін жаз. Кең – Ірі – Үлкен – Жоғары –
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.