Халықаралық шараның мақсаты – сандық технологияларды өмірге дендеп енгізіп, оның әлеуметтік топтар сатысындағы халықтың өміріне елеулі түрде тигізетін әсерін айғақтау екені биік мінберге шыққан сөйлеушілердің алғашқы сөзінен-ақ анық байқалды. «Сандық технологиялар қазіргі кезде әлемде кеңінен таралуда. Алайда, оларды пайдаланудың артықшылықтары, яғни сандық дивидендтер өмірден кешеуілдеп орын табуда. Көп жағдайда бұл технологиялар экономиканың дамуына, қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізетіні даусыз. Алайда, өкінішке қарай, олардан келіп түсетін дивидендтер біркелкі таратылып жатқан жоқ», деді мемлекеттік секторлар саласы бойынша аға маман әрі баяндаманың тең авторы Захид Хаснайн. Өз кезегінде сөз алған Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев сандық технологияның экономикадағы бәскелестік пен тұрғындардың тұрмысын жақсарудағы атқаратын жетекші рөліне тоқталды. «Елімізде Елбасының тапсырмасы бойынша экономика мен әлеуметтік салаларда сандық жүйені жетілдірудің жаңа жобасы жасалыну үстінде. Оның ішіне кең жолақты интернетке барлық аумақта қол жеткізу, заңдық құжаттарды қайта қарау, мамандарды қайта даярлау секілді басқа да бағыттар кіреді. Елбасы атап өткендей, бұл бүгінгі күннің шындығы – сапалық өсімге мүмкіндік берер даңғыл жол.» Әлемдік маңызы бар жиында жаңа бағдарламаның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі драйверлерінің біріне айналатындығы да атап өтілді. Ол – тұрғындардың кеңжолақты ғаламторға қол жетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның сандық сауаттылығын арттыру және электронды үкіметті одан әрі дамыту екені баршаға аян жайт. Алматыда бас қосқан Дүниежүзілік банк сарапшылары Орталық және Оңтүстік Азия елдері ашық теңізге шыға алмағанмен мобильді телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды жақсарту саласында едәуір ілгері қадам жасап үлгергенін де мысалға келтіруді ұмытпады. Сандық технологияның әлеуетті мүмкіндіктерін мейлінше кең пайдалану жолында Қазақстанға табыс тіледі. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан». Алматы.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/95991-sandyq-tekhnologiya-%E2%80%93-alemdik-damudynh-aynasy
Answers & Comments
Ответ:

© egemen.kz